23 желтоқсан 2016 12:31

Астанада зейнеткерлерге сыйлық беріліп жатқаны жайлы WhatsАpp-хабарламалар жалған - әкімдік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі WhatsАpp арқылы зейнеткерлерге тегін сыйлықтар таратылып жатқаны туралы расталмаған мәліметтер тарап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Астана әкімдігі WhatsАpp арқылы зейнеткерлерге тегін сыйлықтар таратылып жатқаны туралы расталмаған мәліметтер тарап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдіктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Астана әкімдігі ресми түрде жоққа шығарады, себебі елордалық әкімдіктің аппараты зейнеткерлерге ешқандай сыйлықтарды тегін таратуды қарастырмаған. Ескертеміз, жалған ақпараттарды тарату заңмен қудаланады. Тұрғындар мен елорда қонақтарын тек ресми нақтыланған мәліметтерге жүгінуге шақырамыз", - делінген ресми хабарламада.

Елордалық әкімдіктегілер желтоқсанның 1-нен 31-не дейін "Астана - мейірімді қала" жалпы қалалық қайырымдылық шарасы өтіп жатқанын хабарлады. Шараның мақсаты - ҰОС ардагерлері, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар, жетімдер, онкологиялық ауруға, тубуркулезге және церебралды сал ауруына шалдыққан балалар сияқты жеңілдік қарастырылған азаматтарға көңіл бөліп, мейірімге бөлеу.

"Акция 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Әкімдік бастамасымен көп арналы шұғыл телефон ашылған 8 (7172) 55- 66-55, осы нөмір арқылы хабарласып, көмек қажет жандардың мекен-жайларын айтуға болады. Телефон желісі жұмыс күндері 10:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні 11:00-ден 16:00-ге дейін қоңырау қабылдайды", - дейді әкімдік өкілдері.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети