16 наурыз 2018 09:23

Астанада Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 2018 жылдың наурыз мерекесі күндері елордада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 


Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 2018 жылдың наурыз мерекесі күндері елордада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

Оңтүстіктен келетін циклонның әсерінен ел ордамыз Астанада қар аралас жаңбыр жауып, оңтүстік батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр және жылымық орнайды. Ауа температурасы түнде 0-5 аяз, күндіз 0-5 жылыға дейін жоғарылайды.

"Наурыз мерекесі күндері күн райы жауын-шашынсыз, ауаның температурасы түнде 5-10 аяз, күндіз 0-5 аяз күтіледі. Бірақ, суық ұзаққа созылмайды, артынша кезекті циклонның әсерінен тұрақсыз күн райы байқалып,жылымық орнайды. Айдың соңында суық ауа массаларының келуіне байланысты күн қайтып суытады", - делінген хабарламада. 

Наурыз айында жылы және салқын күндер алма-кезек ауысып тұратындықтан күн райы құбылмалы болып келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети