20 қаңтар 2018 10:38

Астанада салынып жатқан баспаналар сапасына қатысты деректер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша республикада көш бастап тұр. Елорда әкімдігінде жаңа мемлекеттік органдарды құру және мемлекеттік өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты орын алатын өзгерістер талқыланды. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысы аясында жүзеге асқан жобалардың қорытындылары шығарылды, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Астана тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялардың көлемі бойынша республикада көш бастап тұр. Елорда әкімдігінде жаңа мемлекеттік органдарды құру және мемлекеттік өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты орын алатын өзгерістер талқыланды. Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен өткен кеңесте тұрғын үй құрылысы аясында жүзеге асқан жобалардың қорытындылары шығарылды, деп хабарланды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдіктің хабарлауынша, кеңесте 2017 жылдың қорытындысы белгілі болып, проблемалы нысандарға қатысты мәселелер көтерілді. Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышев өткен жылы жүргізілген жұмыстың нәтижелерін баяндады. Оның деректері бойынша, 2015-2017 жылдар аралығында құрылыстың сапасы біршама жоғарылап, салынып жатқан ғимараттардың сапасына қатысты түскен шағымдар едәуір кеміген.

"Заңға қайшы келетін құрылыстың жолы кесілгеннен кейін өз еркімен ғимаратты салу деген де жоғалды. 2017 жылы әкімшілік жауапкершілікке 655 субъект тартылды. Келтірілген залал 114 173 568 теңгені құрады. Бүгінге дейін 520 субъектен 76 363 653 теңге өндірілді. Әкімшілік сот арқылы жауапкершілікке 460 субъект тартылып, 35 815 940 теңге өндірілді", - деп мәлімдеді Құлышев.

Сонымен қатар, ол соңғы үш жыл ішінде басқарудың әкімшілік тәжірибесі де арта түскенін атап өтті.  

"Егер бұрын әр жетінші істің сот пен прокуратура күшін жойса, бүгін ондай факт жоқ. Бұдан бөлек, заңсыз құрылыс бойынша пәрменді санкциялардың жоқтығы салдарынан 2016 жылы құрылысты заңсыз деп тану және оны сүру жөніндегі шағымдарды түсіру ісінің сот тәжірибесі реттеле басталады. Бұрын соттар әкімшілік тәжірибенің негізінде мұндай шағымдарды қабылдамайтын", - деді Құлышев.

Оның айтуына қарағанда, соттарға жыл басынан жеке және заңды тұлғаларға қатысты құрылысты уақытша тоқтату, нысандарды пайдалану және құлату жөніндегі 41 шағым түскен. Олардың он алтысын сот қанағаттандырса, жиырмасы соттың қарауында жатыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың басынан ведомствоның сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласын қамтитын жобаларды басқару бойынша мекемені аккредитациялау сияқты қосымша функциясы бар.

"Үш жылдың ішінде басқарма 3587 лицензияны берді. Ал 2017 жылы 1654 құрылыс лицензиясы берілді. Қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған компаниялардың квалификациялық талаптарға сай келетіндігі тексеріліп жатыр. Білікті мамандардың жұмыс істеуі, арнайы жабдықтармен, техникамен жарақтандырылуы нысандар құрылысының сапасына әсер етеді. Өткен жылы осындай негіздегі 30 лицензияның күші тоқтатылды", - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар, әкімдік қаулысының негізінде ақпанда жаңадан "Астана қаласы ортасының бақылауы мен сапасы басқармасы" құрылатын болады. Аталмыш ведомствоға мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау басқармасының функциялары мен өкілеттіктері, архитектура, еңбекті қорғау, тұрғын үй инспекциясы, ветеринария инспекциясына қатысты кейбір сұрақтар, жер қатынастары басқармасының бақылау-қадағалау функциялары беріледі. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысандарды тексеру кезінде сұрақтар кешенді түрде қамтылатын болады. Инспектор ҚР заңнамасының архитектуралық-құрылыс, тұрғын үй заңнамасы, еңбекті қорғау, жер заңнамасы және тағы да басқа тұрғысында сақталуын тексеретін болады. 

Әкімдіктің хабарлауынша, проблемалы нысандармен жұмыс бойынша басқарманың қолдауымен ВАК-ның жұмысы аясында 100-ден астам нысанның құрылысы аяқталды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде баспананың 380 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп, 6370 адам қоныс тойын тойлады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети