Астанадағы "Керемет" монша кешені 7,5 миллиард теңгеге сатылып жатыр

06 Мамыр 2017, 13:45
0
Астанадағы  "Керемет" монша кешені 7,5 миллиард теңгеге сатылып жатыр - © krisha.kz
© krisha.kz

Астанадағы "Керемет" монша-сауықтыру орталығы сатылымға шығарылды. Бұл туралы "Крыша" сайтындағы хабарламадан белгілі болды. 

Нысан 7,5 миллиард теңгеге бағалып отыр. Сондай-ақ, кешен ҚР аумағындағы және сыртындағы ең қымбат нысандардың ондығына кірген.

Кешен 18 мың шаршы метрді қамтиды. Ең қызығы, шетелдік туристердің кейбірі бұл орталықты туристерге міндетті түрде барып қайтуы керек орталықтардың бірі деп санайды. Ал алматылықтар "Керемет" кешенін астаналық "Арасан" деп атайды екен.

Cондай-ақ, сауықтыру кешенінде бассейндер мен моншадан басқа фитнес орталықтар, SPA-салондар, сұлулық студиялары бар. Орталықтың кепілде тұрғаны да белгілі болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай