08 мамыр 2015 12:52

Астанадағы әскери парадты тамашалаған әлем елдері халқының саны рекордты болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Саны жағынан рекордты нәтиже көрсеткен әлем елдерінің көрермендері Астанадағы әскери парадты тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Саны жағынан рекордты нәтиже көрсеткен әлем елдерінің көрермендері Астанадағы әскери парадты тамашалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл парад ел тарихында рекорды көрсеткіштерімен ерекшеленді. Әлемнің 3 миллион көрермені тікелей трансляция арқылы әскери парадты тамашалады. Бұл үшін Tengrinews.kz/tv тікелей трансляция ұйымдастырды. Сонымен қатар, республикалық телеарналар, ақпараттық порталдар тікелей трансляция жүргізді. Қазақстандықтардың рухын асқақтатқан парадты тек еліміздегі ғана емес, сондай-ақ шетелдегі отандастарымыздың үлкен қызығушылығы байқалды. Бұл орайда, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында, Қазақстан Республикасының АҚШ, Канада, Франция, Германия, Венгрия, Чехия, Ресей Федерациясы, Гонконг (ҚХР) және Беларусь елшіліктері мен консулдарының ресми сайтарында тікелей трансляция ұйымдастырылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ауқымды парадтың басталу сәтінде онлайн трансляциясын көруде рекордты нәтиже анықталды, атап айтқанда, парадты 8 мыңнан аса көрермен тамашалап, олардың ішінде 5 500-ден астамы бірегей келушілер екені белгілі болды.

Министрліктегілердің мәліметінше, онлайн трансляциясының нәтижелері бойынша Ресей, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Үндістан, Индонезия, Түркия, Солтүстік Корея, Украина, Голландия және басқа елдердің тұрғындары парадты көруге мүмкіндік алды. Қазақстанның бүкіл өңірлері мен Астана және Алматы қалаларының тұрғындары елімізде орналастырылған барлық LED-экрандардан тікелей эфир арқылы әскери парадты тамашалады.

Айта кетейік, әскери парадқа 5 мыңға жуық әскери қызметкер, 200-ге жуық әскери техника мен қару-жарақ, 70 тікұшақ пен әскери авиация ұшағы қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети