20 тамыз 2015 12:43

Астанадағы айырбас пункттері жаңа бағамға сенбей отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Рысқұлов даңғылында орналасқан айырбас пункттерінде қарбалас болып жатыр. Кейбір айырбастаушылар таблодағы көрсеткішті жаңартудан бас тартты, олар доллардың 255,26 теңге болуы уақытша жағдай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астанада Рысқұлов даңғылында орналасқан айырбас пункттерінде қарбалас болып жатыр. Кейбір айырбастаушылар таблодағы көрсеткішті жаңартудан бас тартты, олар доллардың 255,26 теңге болуы уақытша жағдай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 © Tengrinews.kz

Премьер-министрдің сөзінен кейін Астанадағы кейбір айырбас пункттері таблоны өзгерте бастады. Басында елордалық пункттер долларды 201-202 теңгеге бағалады. Дегенмен олар әзірше доллардың жоқ екенін хабарлады.

 © Tengrinews.kz

Кейбір айырбас пункттері бірден техникалық үзіліс жариялады.

© Tengrinews.kz
Кейбірі бағамды келушілердің көзінше өзгертті.

 © Tengrinews.kz

Доллардың теңгеге шаққандағы ресми бағамы белгілі болғанда кей айырбас пункттері 257,50-ге дейін көтеріп тастады. 

 © Tengrinews.kz
Елордадағы айырбас пункттерінің кейбірі көрсеткішті өзгертуге асықпады, олар 212 теңгені ұстап тұр.

 © Tengrinews.kz

Айта кетейік, бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети