21 қаңтар 2015 10:15

Астанадағы "Бәйтерек" монументі ерекше жарықтандырылатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі ©Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанадағы "Бәйтерек" монументі ерекше жарықтандырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанадағы "Бәйтерек" монументі ерекше жарықтандырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Монументті жарықтандырып тұратын түрлі-түсті жарық диодтар саны 12 мыңнан асады, оның ерекше жарықтандырылуын мереке күндері тамашалауға болады. Айта кетейік, Лондондағы әйгілі Sharb зәулім ғимаратындағы жарық диодтар саны - 11 мың. "Бәйтерек" монументі күн сайын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Ересектер үшін билет құны – 500 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар үшін - 150 теңге.  

Экскурсия жүргізуші Сәуле Сүйіндікованың айтуынша, "Бәйтерекке" келушілердің 70-80 пайызы Қазақстан тұрғындары, шетелдіктер мен ТМД туристері де көп барады. "Негізгі қызметі панорамалық залдар: жоғарғы және төменгі. Сол жағалаудың қоғамдық-әкімшілік орталығының макеті бар. 97 метр биіктікте екі композиция орналасқан - "Аялы алақан", бұл Президенттің алақанының ізі. Адамдар қолын қойып, Елбасымен амандасқандай болады, ниеттерін білдіреді. Сонда арман-тілегің орындалады деген наным бар", - дейді ол.  

 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети