Астанадағы EXPO көрмесіне жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы EXPO көрмесіне жұмсалған қаражат бюджетке қайтарылды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ештеңе де жоғалмайды. Астана қонақүйіне, мейрамханаларына, концерт залдарына толып барған келушілер мен туристердің есебінен жұмсалған қаражат өтеліп қойды. Бизнес алға жүрді, Астананың бюджетке түсірген қаражаты артты, бизнесмендер табыс тапты. Құрылысқа 1400 компания қатысты, мультипликатив әсері болды. Барлық тараптан да жақсы шара өтті деп ойлаймын", - деді Президенті.
Мемлекет басшысы көрме үшін аз ғана уақыттың ішінде ықшамаудан салынғанын атап өтті. Айтуынша, көрмеге арнайы салынған нысандар алдағы уақытта қолданылатын болады.
Еске салайық, 10 қыркүйекте 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысқан EXPO-2017 көрмесі аяқталған еді. Астанадағы көрмеге келушілердің жалпы саны 3 977 545 адам.