18 маусым 2015 15:14

Астанадағы көлік тұрағына қатысты мәселе міндетті түрде шешімін табады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанадағы көлік тұрағына қатысты мәселе міндетті түрде шешімін табады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС-ға барған кезде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанадағы көлік тұрағына қатысты мәселе міндетті түрде шешімін табады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ҒЗЖИ" ЖШС-ға барған кезде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз қандай кемшіліктердің бар екенін білеміз, олардың қатарында көлік тұрағына қатысты мәселелар бар, олар міндетті түрде шешімін табады", - деді Мемлекет басшысы Астананы салу және абаттандыру жұмыстары жалғастырылатынын айтып.

Сонымен қатар, мұнда Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Орынбор көшесін, жаңа теміржол вокзалы ауданын салу тұжырымдамасы және Нұрлы жол бульварының екінші кезегінің жобасы туралы айтылды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа елордада құрылысы жоспарланған тағы бірқатар жобалар таныстырылды.

Мемлекет басшысы елорданың құрылысы іс жүзінде 10 жыл ішінде жүзеге асқанын атап өтті. "Қалаға қажеттінің бәрі 2008 жылға дейін салынды, одан кейінгі кезеңде Астананың дамуы жеке инвесторлардың қатысуымен жалғасты. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы ең көп инвестиция елордаға тиесілі. Астананың ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде елорда барша қазақстандықтардың мақтанышы саналады, қонақтарын тәнті етеді. Халқының саны 900 мың адамға жетті, бұрын мұны болжаудың өзі қиын болатын. Қала еліміздің шын мәніндегі әкімшілік, мәдени, іскерлік, білім және медицина орталығына айналды", - деді Қазақстан Президенті.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети