02 қыркүйек 2015 15:38

Астанадағы кітап кезегі тапшылық заманын еске салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Астанадағы кітап кезегі тапшылық заманын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Иманов көшесіндегі 10-үйде орналасқан кітап дүкенінің алдында ұзын сонар кезек болды.


Астанадағы кітап кезегі тапшылық заманын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Иманов көшесіндегі 10-үйде орналасқан кітап дүкенінің алдында ұзын сонар кезек болды.

Бұл адамдардың барлығы жетпей қалған оқулықтар мен оқу дәптерлерін алу үшін дүкенге келгендер. Кезекте тұрғандардың көпшілігі бастауыш сыныптардың, әсіресе бірінші сыныпқа барғандардың туыстары. Олардың бірі "Өзін-өзі тану" оқулығын алу үшін кезекте тұрса, енді біреулеріне математика, "Ана тілі" және қазақ тілінен екінші сыныпқа арналған жұмыс дәптері қажет.

"Бізге мектепте тізім берді: жазу үлгісі, математикалық жазу үлгісі, бақылау күнделігі, музыкалық жұмыс дәптерлері, бізге мұның барлығы керек. Бұған дейін мектепте тізім берген жоқ. Бірінші қыркүйекте балаларға берілген жинақтар бізде бар, ал жетпегенін сатып аламыз. Жылда осы жазу үлгілерін ата-аналар сатып алады", - деді Наталья, бірінші сынып оқушысының әжесі. 

"Басқа мектептерде - №67, №65, бұл жұмыс дәптерлері 1, 2, 4-сынып оқушыларына тегін беріледі. Ал біздің 50-мектепте сатып алу керек деді. Бізге әдебиеттен, қызықты грамматика мен математикадан жұмыс дәптерін сатып алыңдар деді. Қызықты математика бұл жерде жоқ, енді дүйсенбіге дейін күту керек болады. Таңертеңнен бері әрі-бері жүгіріп, дүкенде жүрміз, барлық жерде ұзын сонар кезек, жылда осы", - деді төртінші сынып оқушысының анасы. Әйел өз баласы мен оның сыныптастарына бірнеше жиынтық сатып алды.

Ата-аналар өздеріне қажетті оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің дүкенде бар-жоғын біле алмайды. Дүкеннің күзетшісі есікті жауып, адамдарды бір-бірден кіргізіп тұр. Жиналғандар наразылықтарын білдіріп, сұрақтарын жаудырды.

"Неліктен бір-бірден кіргізеді?", - деп наразы болды ер адамдар.

"Дүкенде тобыр болып кетеді. Осылай дұрыс", - деп жауап берді бір әйел.

"Ал сіз сұрай аласыз ба, Петерсон бар ма, жоқ па?", - деген егде жастағы ер адамның дауысы әрең естілді. Жанында тұрғандар оған келесі көшедегі кітап дүкеніне баруға кеңес берді. 

Еске сала кетейік, өткен аптада, 28 тамызда білім және ғылым министрі өңірлік ұжымдастарымен селекторлық жиын өткізіп, мектептерде оқулық жетіспеген жағдайда жаза қолданылатынын ескертті. Оған дейін министрліктегілер 2015 жылдың 10 тамызы күнгі жағдай бойынша мектеп оқулықтарын жеткізу 94,7 пайызға тең деген мәлімет таратты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети