04 ақпан 2019 08:59

Астанадағы пирамида қалай өзгереді?

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© dibazolllll.livejournal.com © dibazolllll.livejournal.com

Бейбітшілік және келісім сарайының ішкі көрінісі жаңа мазмұнға ие болады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты өкілдері.


Бейбітшілік және келісім сарайының ішкі көрінісі жаңа мазмұнға ие болады, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты өкілдері.

"Құланшы" замануи өнер орталығының жетекшісі Лейла Махат Бейбітшілік және келісім сарайының қызметі қалай өзгеретінін айтты.

"Біз нысанды жаңа энергиямен толықтыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда сәулетші Норман Фостер ойлап тапқан стильге сәйкес келетін барлық бөлмелердің әдемі, жайлы болуын қалаймыз. Концерттік және көрме бағдарламалары, әлеуметтік жобалардың үйлесімділігі маңызды", - дейді Лейла Махат.

Пирамидада сондай-ақ коворкинг орталығын құру жоспарлануда.

"Барлығы бір мақсат жолында жұмыс істеуі керек. Ол - бейбітшілік пен келісім сарайын оң және дұрыс энергиямен толтыру", - деді Лейла Маxат.

Сонымен қатар, қала әкімдігі Президенттік саябақты және іргелес аумақты қайта жаңартуды жоспарлап отыр. "Біз жобаны жүзеге асыратын авторды анықтадық. Оған "Энциклопедия саябақ", "Ежелгі өнер және технологиялар мұражайы" сынды толықтырулар енгізіледі. Авторлар кесте дайындап, құрылыс екі кезеңге бөлінді. Саябақ пен оған іргелес аумақтар жаңартылады", - деді қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев.

Қала әкімі Бақыт Сұлтанов сарайдың қызметімен танысып, оның ішкі өзгерістері бойынша ұсынылған тұжырымдаманы қолдап, "еркіндік үшін" және "Arteria" көрмелерін зерделеді. Сонымен қатар, қала басшысы ғимаратқа толық техникалық сараптама жүргізуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети