16 сәуір 2014 20:39

Астанадағы салтанатты шеруде әуе қақтығысының жаңа элементтері көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©korganys.kz ©korganys.kz

Астанада өтетін салтанатты шеруде Қазақстан әуе қорғанысының ұшқыштары әуе қақтығысындағы жаңа элементтерді көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада өтетін салтанатты шеруде Қазақстан әуе қорғанысының ұшқыштары әуе қақтығысындағы жаңа элементтерді көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметі бойынша, Талдықорған мен Шымкенттегі 21751 және 55652 әскери бөлімінің ұшақтары, тікұшақтары және әуе техникалары Қарағандыдағы аэродромға жеткізілген. "Бұл техникалардың барлығы 7 мамыр, Отан қорғаушылар күніне орай өтетін әскери шеруге байланысты әкелінді. Салтанатты шеруде қазақстандық ұшқыштар жаңа техникалардың мүмкіндігі мен әуе қақтығысындағы жаңа элементтерді көрсетеді", - деп хабарлайды қорғаныс министрлігі. 

Салтанатты шеруде әуе қақтығысының элеметтерін жоғары деңгейдегі ұшқыш-полковниктер: Қайрат Баймаханов, Нұрболат Топаев, Александр Соснин, Нұрлан Байдуллаев, Талғат Сыздықов, Рүстем Тілеумағамбетов; подполковниктер: Ерлан Науанов, Александр Петручик, Тимур Омаров, Теміртас Ыбыравтар орындайтын болады. Бұл ұшқыштардың дайындығы Әуе қорғанысының бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтың басшылығымен өтті. 

Еске сала кетейік, әскери шеру 2014 жылдың 7 мамырында "Қазақ елі" алаңында өтеді. Салтанатты шеруге 56 техника, екі мыңға жуық әскери қызметкер қатысады.  

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети