12 тамыз 2015 12:32

Астанадағы сатушылардың дөрекілігі шенеуніктерді алаңдатып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© scholarshipplanet.info © scholarshipplanet.info

Астананың 40 пайыздан аса сауда нысаны талаптарды орындамайды және санитарлық ережелерді сақтамайды. Мұндай статистиканы Астана қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың 40 пайыздан аса сауда нысаны талаптарды орындамайды және санитарлық ережелерді сақтамайды. Мұндай статистиканы Астана қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның мәліметіне қарағанда, Астанада 2500-ден аса сауда нысаны жұмыс істейді. Жалға берушінің жиі ауысып отыруына байланысты нысандардың 40 пайызы санитарлық-эпидемиологиялық рұқсатсыз, қызметінің ашылуында және қызмет көрсетіп жатқанында санитарлық ережелер талабын бұзып жұмыс істейді. 

"Сауда нысандарына санитарлық-эпидемологиялық ережелер мен техникалық регламенттер талабы, тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері" семинарында Асылбеков сауда нысандарының басшыларына Астана тұрғындарының олардың үстінен тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі департаментке түсіретін негізгі шағымдарды атап өтті.

"(...) Айырбас пен қайтаруға байланысты көптеген арыз түсіп жатыр. Заңға сәйкес, егер өнім сәйкес келмесе, ауыстырып беру керек немесе қайтаруы керек. (...) Бизнес-процесті ұйымдастыру мәселелері - кезекте тұру, саудагерлердің тәртібі: әдебі, дөрекілігі. Мұндай шағым өте көп. (...) Мұны өздеріңіз реттейсіздер. Адам көп болғанда, кассаны көбейту керек. Мұндай шағым өте көп. Түптің түбінде егер сіздер бизнесті, сауданы ұйымдастырып жатсаңыздар кезексіз болатындай жұмыс істеулеріңіз керек", - деп қорытындылады Асылбеков елорданың кәсіпкерлеріне қарата.

Мұнымен қатар ол 2017 жылы Астанада EXPO көрмесінің өтетінін айтты және оның пікірінше, сауда нысандарының персоналын оқыту қажет.

"Бізде EXPO-2017 өтеді, сол сауда нысандарына кіретін қонақтар келеді. Сондықтан қызмет көрсету, оның түрі - осы жағдай. Егер персоналды оқыту керек болса, талқылауға болады", - деді тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети