22 сәуір 2014 16:24

Астанадан Бурабай мен Қарағандыға жаңа электр пойыздар жүретін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Жолаушылар тасымалы" АҚ ©"Жолаушылар тасымалы" АҚ

Астананы Бурабай курортымен және Қарағандымен жаңа электр пойыздар байланыстыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астананы Бурабай курортымен және Қарағандымен жаңа электр пойыздар байланыстыратын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 cәуірден бастап Астана мен Қарағанды станцияларынан Астана - Бурабай және Астана - Қарағанды бағыттарындағы ЭД9Э сериялы (энергия үнемдейтін) "Оқжетпес" және "Сарыарқа" атты жаңа электр пойыздар қатынайтын болады. Жаңа электричкалардың жайлылық және қауіпсіздік деңгейлері жоғары.

"Жылжымалы құрамның бұл түрі әлемдік стандарттарға сай келеді. Барлық құрастыру шешімдері тапсырыс беруші "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның талаптары мен ұсыныстарын ескере отырып жасалған, өнеркәсіп эстетикасы мен әрлеудің соңғы әдістері қолданылған. Пойыздардың пайдаланылу мерзімі - 28 жыл. Бурабай курортына "Оқжетпес" пойызы Астанадан 18.50-де аттанады, Бурабайға 22.00-де жетеді, курорттан 22.35-те шығып, Астанаға 01.40-те келеді. Астанадан Көкшетау станциясына "Оқжетпес" пойызы сенбі, жексенбі, дүйсенбі және сейсенбі күндері жүреді", - делінген хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметі бұл пойыздың Астанадан 07.25-те шығып, 11.32-де Көкшетауға келетінін және Көкшетаудан 19.00-де шығып, Астанаға 23.07-де жететінін хабарлады. "Оқжетпес" Ақкөл және Макинка елді мекендеріне аялдайды. Бірінші кластық вагонда жолақы құны - 1 088 теңге, екінші кластық вагонда - 1 013 теңге, үшінші кластық вагонда - 842 теңге. Бір жылжымалы құрамда бірінші кластық үш, екінші кластық үш және үшінші кластық екі вагон болады.

Дәл осындай жаңа құрам сол күндері тәулігіне екі рет Қарағанды мен Астана арасына қатынайтын болады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети