Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Астанаға 16 жылдың ішінде 5 трлн долларға жуық инвестиция тартылды

21 Мамыр 2014, 16:10
0
Фото azikonya.com сайтынан алынды
Фото azikonya.com сайтынан алынды

Астанаға 16 жылдың ішінде 5 трлн долларға жуық инвестиция тартылды. Бұл туралы VII Халықаралық инвестиция форумында қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"16 жылдың ішінде елордаға 4 трлн 780 млрд теңге қаржы тартылды, соның арқасында құрылыс сәтті жүргізіліп, қаланың дамуының бас жоспары іске асырылды", - делінген хабарламада. 

"Мемлекет басшысының Астана қаласына инвестиция тарту мәселесіне база назар аударуының арқасында елордамыз қысқа мерзім ішінде өзін-өзі қамтып отырған қалаға айналды. Осы уақыт ішінде қала тұрғындарының саны үш есеге жуық артып, ЖІӨ-нің көлемі 54 еседен артық өсті, Астананың ЖІӨ-дегі үлесі 6 еселенді, ал инвестициялар 28 есе артты", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Елорда басшысының атап өтуінше, Астана Қазақстан елордасына айналған уақыттан бастап 12 млн шаршы метр тұрғын үй салынды, шамамен оның 6 миллионы - соңғы төрт жылда бой көтерген.

"Инвестициялар есебінен қаланың индустриялдық дамуына қолдау көрсетіледі. Әлемге танымал өндірістер қаламызда іске қосылып жатыр. Өткен жылы өндірістің жалпы көлемі 0,5 млрд долларды құрады", - деді Астана әкімі форумда сөйлеген сөзінде.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай