Астанаға 555 тонна көмір жеткізілді

13 Желтоқсан 2018, 13:17
0
Астанаға 555 тонна көмір жеткізілді -

Қаладағы көмірдің жалпы қоры 11 мың тоннаны құрайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астанаға жеткізілген 555 тонна көмірдің 345 тоннасы - "Шұбаркөл", 210 тоннасы - "Қаражыра" маркалы көмір.

Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасында белгілі болғандай, 12 желтоқсандағы жалпы көмір қоры - 11 143,82 тонна. Қазіргі таңда нарықтағы көмірге қатысты жағдай тұрақты. Астанадағы көмірдің бағасы төменде көрсетілген: 

"Шұбаркөл" тоннасы - 11 400 теңге; "Қаражыра" тоннасы - 13 200 теңге, "Майкөбе" тоннасы - 12 500 теңге, "Богатырь көмір" тоннасы - 9000 теңге, "Кузнецкий" тоннасы - 12 250 теңге.

Осыған дейін, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы сатушылармен бағаны көтермеу жөніндегі меморандумға қол қойған болатын.

Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмірге қатысты жағдайға мониторинг жүргізіп, оны үнемі бақылауында ұстап отыр. "iKomek" қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының базасында тұрғындар үшін арнайы жедел желі жұмыс істейді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай