Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ

13 Қаңтар 2017, 22:48
0
Астанаға кіруді ақылы ету туралы шешім әлі қабылданған жоқ - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астанаға кіру ақылы болатыны туралы шешім әлі қабылданған жоқ. Бұл туралы Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ақылы кіру бұл қабылданған шешім емес, көлік басқармасының ұсынысы, мәселе әлі талқыланып жатыр. Мұндай ереже қашан енетіні және жалпы енгізіле ме, жоқ па шешілген жоқ. Сондықтан бағасы туралы сөз қозғау да қиын", - деп жазыпты Жұмабайұлы Facebook желісіндегі парақшасында. 

Оның айтуынша, Астана басшылығы 2017 жылдан бастап қоғамдық ұсыныстарды да тыңдау шешімін қабылдады. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер, жобалар талқыға ұсынылады. Алғашқы отырыс қоғамдық көлік мәселесіне арналды, онда саланы дамыту бағдарламасы ұсынылды. 

Еске салайық, мұның алдында биыл көктемнен бастап Астанаға көлік кептелісі кезінде кіру ақылы болатыны хабарланған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай