18 қазан 2016 13:05

Астанаға Солтүстік Қазақстан өндірушілері 700 тоннадан аса азық-түлік алып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.


Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорданың сайтына сілтеме жасап.

22-23 қазанда "Хан Шатыр" сауда орталығының маңындағы аумақта Солтүстік Қазақстан облысының "Өңір берекесі" ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірдің және облыс орталығының 100-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері қойылады. Астанада 741 тонна ауыл шаруашылығы өнімін сату жоспарланған, соның ішінде: ет және сүт өнімдері, балық, жеміс және көкөністер, шұжық өнімдері, бал және т.б. бар. Жәрмеңкеге 100-ден аса өнім түрлері ұсынылады.

Жәрмеңке аясында Солтүстік Қазақстан облысы шығармашылық ұжымдарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды мәдени бағдарлама дайындалған. 18 қазанда сағат 18:30-да Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында көрермендер назарына Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының "Мағжанның соты" қойылымы ұсынылады.

21 қазанда сағат 18:30-да Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында Сәбит Мұқанов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының әртістері "Елім-ай" тарихи дастанының желісінде "Дауылпаз баба - Қожаберген" спектаклін сахналайды.

Кішкентай көрермендер үшін "Жастар" сарайында 19, 20, 21 қазан күндері сағат 10:00, 12:00, 14:00-де облыстық қуыршақ театры "Әуеле, домбыра!" спектаклін қояды.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін 21 қазан сағат 10:00-де "Менің досым - бағдаршам" атты қайырымдылық қойылымы көрсетіледі.

20 қазан сағат 11:00-де Астана қаласының мемлекеттік мұрағатында Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатының ұйымдастыруымен "Солтүстіктің байлығы: бірегей мұрағат құжаттарындағы тарих" көрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара аясында қала тарихы, облыс ортылығының атақты тұлғалары туралы "Петропавл қаласы» атты деректі фильм көрсетіледі.

22 қазан сағат 11:00-ден бастап Бейбітшілік және келісім сарайында СҚО-ның мұражайлық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Туған жердің тартылысы» көрмесі, сондай-ақ жергілікті суретшілердің "Өңір маржаны" көрме экспозициясы ұйымдастырылады. Осы жерде ағашты оюлау, қайың қабығынан және киізден түрлі бұйымдар жасау сияқты қолданбалы өнер түрлерінен шеберлік дәрістері өтеді.

22 қазан сағат 11:00-де Ұлттық кітапхананың көрме залында С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың "Солтүстік Есіл өңірі өрісі биік өлке" безендірілген кітаптар көрмесі өтеді.

22 қазан сағат 17:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының "Мағжан елінен-Елорда төріне" атты гала-концерті өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети