Астаналық әйел Корея азаматын 9 жастағы қызын азғырды деп айыптады

05 Қаңтар 2018, 12:15
0
Астаналық әйел Корея азаматын 9 жастағы қызын азғырды деп айыптады - © ugrapro.ru
© ugrapro.ru

Астана тұрғыны Корея азаматын кішкентай қызын азғырды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

31 жастағы әйел полицияға шағым түсірген. Ол өзінің азаматтық некедегі күйеуін 9 жастағы қызды азғырды деп айыптап жатыр. Қыз ер адамның туған қызы емеас екен.

9 жастағы қыздың анасы Астанада шетелдікпен 2013 жылдан бері тұрып келген. 2017 жылдың желтоқсанда әйел 39 жастағы күйеуінің қызын бірнеше жыл бойы азғырып келгенін білген.

"Мен бұл туралы тек желтоқсанда білдім. Қызым оны "әке" деп атайтын. Мен қызымнан сұрай бастадым, ол маған барлығын айтып беруге қорықты, бірақ кейін не болғанын айтып берді. Әкесі не істегенін айтты. Сондай-ақ, менің 22 жастағы жиенім де 2015 жылы менің күйеуімнің оны азғырғанын айтты", - дейді астаналық әйел.

Әйел құқық қорғау органдарының оны қамауға алғандарын айтты. Бірақ әйел тергеу барысында ер адам Қазақстаннан кетіп қалуы мүмкін деп қорқып отыр. 

Қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу барысындағы мәліметтерді жариялауға болмайды", - делінген Астананың ІІД баспасөз қызметінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай