11 сәуір 2019 18:12

Астаналық полицейлер суға батып бара жатқан адамды құтқарғаны үшін марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық екі полицейді "Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. Полиция қызметкерлері награданы Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды құтқарғаны үшін алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 


Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық екі полицейді "Суға батып бара жатқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапаттады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. Полиция қызметкерлері награданы Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адамды құтқарғаны үшін алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Жол-патрульдік полициясы полкінің плацында полиция аға лейтенанты Даулет Абуов пен полиция лейтенанты Руслан Бүркітбаев салтанатты түрде марапатталды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиға 26 наурызда орын алған. Есіл өзенінде суға батып бара жатқан ер адам туралы ақпаратты "Талас 201" патрулі қызметкерлері қабылдаған болатын. Бірнеше минут өткеннен кейін оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ТЖК қызметкерлерімен бірлесіп құтқару шараларын жүргізіп, мұздай судан ер адамды алып шығады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атына аман қалған ер адамның қызынан полицейлерге алғыс айталған хаты келіп түсті.

Айнұр Иманалиева ІІМ басшылығына жазған хатында туысқандары мен жақындарының атынан оның әкесін құтқару кезінде батылдық пен ерлік танытқан полицейлерді марапаттауды сұраған. Марат Иманалиев пен оның қызы елордалық Жол-патрульдік полициясы полкіне келіп, өмірін сақтап қалғаны үшін полицейлерге ризашылығын білдірді.

Ер азамат полицейлердің батыл және кәсіби әрекеттерінің арқасында өзінің аман қалғанын айтты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бахытжан Малыбаев полицейлерге медальды табыстай отырып, адам өмірін құтқарып қалу кезінде батылдық танытқаны үшін оларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта өз қызметтік борышын адал орындауға шақырды.

Іс-шара соңында Бахытжан Малыбаев полиция қызметкерлерінің атына жылы лебіздерін білдіргені үшін Иманалиевтарға алғыс айтып, елорда тұрғындарының алғысы тәртіп сақшылары үшін ең үздік марапат екендігін алға тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети