Астаналықтар әкімнен кірпіш зауытын көшіруді сұрады

08 Шілде, 11:45
0
Астаналықтар әкімнен кірпіш зауытын көшіруді сұрады - Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесуінде. © astana.gov.kz
Алтай Көлгінов тұрғындармен кездесуінде. © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Алматы ауданы аумағындағы нысандарды аралап, проблемалық учаскелермен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі 30 мыңға жуық тұрғыны бар "Алматы" ауданындағы "Промышленный" тұрғындарымен кездескен. Жүздесу барысында тұрғындар "Ақкент" ЖШС силикат кірпіш шығаратын зауытты ауыстыру, жылы аялдаманы және спорт алаңдары бар скверді жайластыру туралы өтініш айтты.

"Сондай-ақ, 13-шi мектепті кеңейту, қоғамдық көлік жұмысын жақсарту және жол құрылысы мәселелері талқыланды. "Железнодорожный" алабының тұрғындары Маяковский 7 көшесін жарықтандыру және жаңғырту мәселелерін жеткізді. Жоғарыда аталып өткен тұрғындардың тілектері жұмыс жоспарына енгізіліп, бақылауға алынатын болады", - делінген әкімдік хабарында.

Айта кетейік, Алтай Көлгінов биыл маусымда Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалған еді. Ол 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай