24 тамыз 2016 09:39

Астаналықтар Рио Олимпиадасының жүлдегерлерін қалай қарсы алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов © Шоқан Алхабаев Данияр Елеусінов © Шоқан Алхабаев

Астанада Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерін қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан. Тамыздың 24-не қараған түні Астана халықаралық әуежайында Рио-Амстердам-Астана рейсімен қазақстандық боксшылар мен жарысқа еркін күрестен қатысқан спортшы қыздар ұшып келді.

Спортшыларды күтіп алуға қала әкімі Әсет Исекешев те келді. Ол Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаған алғашқы адамдардың бірі болды. Кейіннен спортшылар жақындарымен, достарымен және бір топ жанкүйерлерімен көрісті. Чемпиондарды өз көзімен көруге жергілікті тұрғындармен қоса қала қонақтары да келген. Өзінің әкесін құттықтауға Данияр Елеусіновтің ұлы Даниэль де келіпті.

Данияр Елеусіновті күтіп тұрған ұлы Даниэль.

Василий Левит ата-анасымен бірге.

"Бүкіл ел, бүкіл халық болып сіздерге жанкүйер болдық. Олимпиада ойындарында мақтанарлықтай өнер көрсетіп, 22-орынды алдыңыздар. Мен сіздерді, сіздердің бапкерлеріңізді және ата-аналарыңызды осы жеңіспен құттықтаймын. Ең бастысы, сіздер болашақ мыңдаған Олимпиада чемпиондарының спортқа деген сүйіспеншілігін арттырдыңыздар", - деді қала әкімі.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, Олимпиада жүлдегерлерінің әрқайсысына Астанадан пәтер беріледі. "Спорттағы үлкен жетістіктері үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен сіздерге арнайы жүлде беріледі. Әр жүлдегерге Астана қаласынан пәтер беріледі", - деді Әсет Исекешев спортшыларға.

© Шоқан Алхабаев

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети