20 желтоқсан 2017 10:37

Астаналықтар "Спарта Номад" КВН Жоғары лига жеңімпаздарын қарсы алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz. © astana.gov.kz.

КВН (Клуб веселых и находчивых) ойындарының Мәскеуде өткен биылғы финалында Қазақстандық команда жоғары лигада алғаш рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.


КВН (Клуб веселых и находчивых) ойындарының Мәскеуде өткен биылғы финалында Қазақстандық команда жоғары лигада алғаш рет жеңіске жетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Бүгін таңғы алтыда жеңімпаздарды "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында қазақстандық жанкүйерлер оркестрмен, "Спарта чемпион!" деген ұранмен қарсы алды. Қарсы алушы жанкүйерлердің қарасы мол болды. 

"Бүгін бізде тарихи күн, жиырма алты жылдың ішінде біздің "Спарта Номад" көңілділер мен тапқырлар клубы алғаш рет КВН жоғары лигасының жеңімпазы атанды. Жастарымызды қолдау мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырдық. Бұл Қазақ елінің Тәуелсіздік мерекесіне орайлас келген үлкен сыйы. Жастарымыз бұл жеңісті 26 жыл күтті, осы жылдар ішінде көптеген командаларымыз Жоғары лига ойындарына қатысып жүрді, бірақ тұңғыш рет "Спарта Номад" командасы жеңіске жетті", - деді Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Асхат Оралов.

Осы он жеті жыл аралығында қазақстандық "Астана КZ", "Казахи" командалары КВН-нің жоғары лигасына қатысқан болатын, бірақ биік тұғырға көтерілмеген еді, ал осы жолы "Спарта Номад" командасы бар өкініштің есесін қайтарып, қазақ елінің атын көпке бір рет танытты.

"Өте қобалжып тұрмыз, бұл сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Финалдық ойында бес команда қатысты, соның ішіндегі төрт команда ресейлік. Сол себепті де, бізге бір саты жоғары өнер көрсету керек болды, осы жағынан қиындық туындады. Үшінші конкурстың сонына дейін "Радио Свобода" (Ярославль)  командасы жеткізбеді, олар 0,1 балл алда келе жатты, төртінші конкурста "Спарта Командасы" болып барлық күшімізді жиып жеңіске жеттік. Астана қаласы әкімдігіне, оның ішінде қала әкімі Әсет Исекешевке алғысымызды айтамыз", - дейді "Спарта Номад" командасының ойыншысы Әділхан Мәжит.

Еске салайық, 15 желтоқсан күні Мәскеуде КВН ойындары жоғары лигасының финалы өтті. Ойында Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский әділқазы мүшесі болды. Ойын нәтижесі бойынша, бірінші орынды  "Спарта Номад" (Астана) командасы иеленді. Екінші орынды "Радио Свобода" (Ярославль) алды. Ал үшінші және төртінші орындарды "Плюшки" (Тверь) мен "Раисы" (Иркутск) бөлісті. "Сборная Большого Московского Государственного Цирка" (Мәскеу) алғашқы бестіктен көрінді. "Спарта Номад" (Астана) биылға чемпион атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети