20 қыркүйек 2014 13:46

Астананы күмбезбен жабу туралы ой қисынсыз саналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Ренат Ташкинбаев Фото Ренат Ташкинбаев

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов "Қазақстанның табиғаты сұлу әрі жанға жайлы" дейді. Ол Астана қаласын қалқалап күмбезбен жабу тарулы ойды" қисынсыз" санайды. Бұл туралы Tenrginews.kz тілшісі хабарлап отыр.


Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов "Қазақстанның табиғаты сұлу әрі жанға жайлы" дейді. Ол Астана қаласын қалқалап күмбезбен жабу тарулы ойды" қисынсыз" санайды. Бұл туралы Tenrginews.kz тілшісі хабарлап отыр.

"Бұл жерде сұлу табиғатты,кең даланы, жанға жайлы ауаны бүркемелеп керегі не, - деген сауал туындайды. Меніңше, қаланы күмбезбен қалқалау тіптен  қисынсыз ой" деді Тасмағамбетов жалпықалалық сенбілікте Tengrinews.kz тілшісінің қойған сауалына. 

Ол Астананың ауа-райында өзінде жайсыз сезінбейтінін жеткізді.
"Мен Атырауда тудым. Табиғаты суық, қысы өте қатты, қары аз жауатын, есесіне желі күшті соғатын тура Астананың табиғатына сай келетін аймақта өстім. Сондықтан мен Астананың ауа-расында өзімді жайсыз сезінбеймін. Мұндағы табиғат сұлу әрі жанға жайлы. Ешқандай мәселе жоқ" деді Тасмағамбетов.

Сенбілік барысында әкім өзінің жылы күртешесін шешіп тастап бірнеше тал екті.
"Астанада бүгін ауа-райы плюс 13 градусты көрсетуі керек. Меніңше, ауа-райы құбылады. Десек те сенбілікке біраз қауым жиналды" деді ол.Сенбілікке қатысты әкімшіліктің мәліметінше, шараға 95 мың адам қатысқан.
"Сенбілік адамдарды жауапкершілікке, тазалыққа үйретеді. Әрбір сенбілікке шыққан сайын адам осыны сезінеді деп ойлаймын. Қаламызды таза ұстау үшін мұндай жауапкершілікті сезіну бізге қажет" дейді ол.

Еске салайық, Астананы күмбезбен қалқалау идеясы БАҚ-та 2012 жылдан бері көтеріліп келеді. Сәулетшілер осындай конструкцияны салу салқын ауа райының проблемасын толық шешіп, қалаға миллиондаған туристерді тартуға мүмкіндік береді деген пікірде.
Дегенмен Астана билігі қаланың климатын жайлы ету үшін бұдан өзге де шараларды қарастыруда.
Бұл ретте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың табиғатын жайлы ету мақсатында "жасыл белдеу" идеясы оң нәтиже беріп келетінін айтқан болатын.

 Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылы бұған қатысты "біріншіден, қаланың ішінде шаң-тозаң жоқ.  Екіншіден, қаланы айнала орман салу боран мен желден сақтайды. Қазір қалада қатты жел, боран соғу азайды" деген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети