28 қараша 2016 13:19

Астананың атауын өзгертуді ұсынған депутат әлеуметтік желідегі сынға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nurotan.kz © nurotan.kz

Астананың атауын өзгерту туралы ұсыныс айтқан депутат Қуаныш Сұлтанов әлеуметтік желілерде тағылып жатқан сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың атауын өзгерту туралы ұсыныс айтқан депутат Қуаныш Сұлтанов әлеуметтік желілерде тағылып жатқан сынға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат әлеуметтік желі қолданушыларының сөздері қатты тигенін атап өтті.

"Бұл әркімнің өз құқығы. (...) Неге қатты тимеуі керек? Тиеді. Саяси мәдениет болғаны дұрыс. Пікірді сынауға болады, бірақ жеке басқа тиісуге болмайды, қандай да бір ұсыныс я пікір айтқан адамның көңіліне тиетін сөз айтуға болмайды. Келіспеуге болады, бірақ адамды дұрыс танымай тұрып, ауызға келгенді айта берген дұрыс емес. Бұл бізде саяси мәдениеттің жоқтығын көрсетеді", - деді Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, депутат ҚР Президентінің Астананың атауын өзгерту туралы идеяға қатысты пікірі жайлы не ойлайтынын айтты.

"Басқа не күтуге болар еді? Өз атымен атауын қойған дұрыс деуін бе? Басқа қалай қабылдауы керек еді? (...) Осылай дейтін шығар деп ойлаған едім. Өте салмақты, дұрыс айтты", - деді Қуаныш Сұлтанов.

Еске салайық, осыған дейін Қуаныш Сұлтанов Астананың атауында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін көрсетуді ұсынған болатын. Ал кейін Нұрсұлтан Назарбаев елорданың атауын өзгертуге қажеттіліктің жоқ екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети