20 маусым 2016 12:20

Астананың айналасында тағы бір Бурабай жасап алдық - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Астана айналасындағы "Жасыл белбеуді" аралайды. Бүгін Президент "Жасыл аймақ" РМК-ның "Ақ қайың" ағаш-тұқым плантациясы мен орман көшетін көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Астана айналасындағы "Жасыл белбеуді" аралайды. Бүгін Президент "Жасыл аймақ" РМК-ның "Ақ қайың" ағаш-тұқым плантациясы мен орман көшетін көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана айналасындағы орман орманшылардың, ғалымдардың және жұмысшылардың ұлы еңбегінің арқасында пайда болды. Орманды өсіру үшін қалай тер төгу керек екенін көріп отырсыздар ғой, балаға қарағандай. Ықтырма жырту керек, тыңайтып, әсіресе алғашқы жылдары суару қажет", - деді тілшілерге Мемлекет басшысы жасыл белбеуді аралағаннан кейін.

"1997-1998 жылдары отырғызылғаны - ну орман. Өздігінен өседі, біздің араласуымыздың қажеті жоқ. 73 мың гектар орман пайда болды. Жыл сайы мен 5 мыңнан отырғызуын талап етіп, бақылап отырамын, бұл Бурабай ұлттық саябағының көлеміндей. Астананың айналасында екінші Бурабай жасап алдық. Ендігі міндет: бұл орманды Бурабай орманымен жалғау. Шортандыға жетіп қалдық, яғни 100 шақырым... Әрмен қарай орманға аз қалады. Келесі жылы бұл орман Бурабайға дейін жетеді", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, Астананың жасыл белбеуі Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарына қарай кеңейеді. "Біздің Астана қаламыздың айналасында орман осылай өседі", - деп атап өтті Президент.

Астананың жасыл аймағында марал, бұғы, елік, суыр, дала қарсағы, ондатр, қоян, қосаяқтар мекендейді. Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен табиғатқа 150 қырғауыл ұшырылды.

Астананың айналасында жасыл аймақ 1997 жылдан бері пайда бола бастады. Бүгінде оның ауданы 75 мың гектарға жетіп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети