04 сәуір 2014 12:50

Астананың бас ветеринары қымқырған қаржы көлемі 340 миллионға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото uainfo.org сайтынан Фото uainfo.org сайтынан

Қаржы полициясы Астана қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау басқарамасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сілтеме жасап. 


Қаржы полициясы Астана қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау басқарамасының басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) сілтеме жасап. 

Бұған дейін қаржы полицейлері Астана қаласы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Нығмет Жақыпбаевтың жалған құжаттарға қол қою арқылы мемлекет қаржысын жымқырғанын анықтаған болатын. Сол кезде "2012 жылы Н.Жақыпбаев мырза ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымын атқарып жүрген кезде Шығыс Қазақстан облысының үш ауылында біртектес ветеринариялық зертханалардың құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойған. Сөйтіп, мемлекет қазынасына 83 миллион теңге шығын келтірді" деген ақпарат болған. 

Тергеу барысында Н.Жақыпбаевтың одан да көп қаржы ұрлағаны анықталды. Осылайша, жалған құжаттар бойынша "салынған" біртектес ветеринариялық зертханалардың саны көбейді. Оған қоса, жемқор шенеунік "СпецСтройАзия" фирмасына аванс ретінде 123 миллион теңге аударған. Сөйтіп, мемлекет қазынасына келген шығын 340 миллион теңгеге дейін өсті.

"Жақыпбаев қылмыстық іс материалдарымен танысып шықты. Бүгінде оның барлығы прокуратураға жіберілді", - делінген қаржы полициясының ресми хабарламасында. Бұған дейінгі ақпаратқа сәйкес, Н.Жақыпбаевтың егде жасына және денсаулық жағдайына байланысты кепілпұл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети