09 шілде 2014 10:42

Астананың кейбір аудандары жарық пен ыстық судан ажырайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астананың бірнеше ауданында жарық пен ыстық су беру тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.


Астананың бірнеше ауданында жарық пен ыстық су беру тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Астананың кейбір аудандарында ыстық су беру тоқтатылады. Бұл туралы Аstana.kz сайтына "Астана-Теплотранзит" АҚ мамандары хабарлады. Мына мекенжайлар бойынша жылу есеп құралдарын орнатуға байланысты ыстық су беру жоспарлы ажыратылады: Иманов 36, Кравцов 4, Тархан 7/1, Пушкин 15, Есенберлин 14/1, 14/2, Ағыбай батыр 3,4,5,2,2/1, Иманов 2,4, Республика 9,11,13,7/2,9/1,9/2, Бөкейхан 10,12,8,4,2,6.

Мекеменің хабарлауынша, жылу магистральдарын тығыздыққа сынауға байланысты келесі аудандарда ыстық су беру тоқтатылады: Тілендиев, Бөгенбай батыр, Сарыарқа даңғылдары, Есенберлин, Құтпанов, Гете, Алтынемел, Алтынсарин, Тынышбаев, Біржан сал, Ақбұғы, Қарасай батыр, Конституция, Мыңарал, Молдағұлова, Потанин, Мәскеу, Затаевич, Шыптас, Байсейітова, Барқытбел, Қарталы, Суворов, Аспар, Бөкеев, Ақбидай, Кемеңгерұлы, Бұланты, Өндіріс, Кеншағыл, Тайбурыл, Құс жолы, Ақсеңгір, Бейсекова, Фахд бен Абдулл Азиз, Ақан сері, Жамбыл, 187-ші, 188-ші, Сарыбұлақ, Талапкер көшелері.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ПИК пен ПК төрағалары ыстық сумен қамтуды желіден айырып тастап, жылу желісіндегі барлық жұмыстарды тоқтатуы қажет. Сондай-ақ, осы кезеңде кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс.

Бұдан басқа, "Астана-АЭК" АҚ бүгін келесі мекенжайлар бойынша электр энергиясын беру жоспарлы түрде тоқтатылатынын хабарлады: Абай даңғылы 49,51,53/1, 80/2, Иманбаев көшесі 88, Омаров көшесі 10, Тельман кенті, Мұғалжар көшесі, Заречный кенті, Октябрь 70 жыл көшесі, Әуезов көшесі 41/1, 43/1, 45/1.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети