05 маусым 2016 19:58

Астананың кіреберісінде полицейлер көліктерді тексеріп жатыр - куәгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Елордаға кіреберісінде Астана-Бурабай тас жолында кептеліс пайда болды, полицейлер әр автомобильді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерге сілтеме жасап.


Елордаға кіреберісінде Астана-Бурабай тас жолында кептеліс пайда болды, полицейлер әр автомобильді тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі куәгерге сілтеме жасап.

"Біз 50 минут бойы тұрдық. Барлық көлікті тексеріп жатыр. Ол жақта төлеммен мәселе шыққан жоқ, полицейлер әрбір көлікті тексерді. Кептеліс үлкен болды, артымыздан көліктер жиналып жатты. Олар салонда кімдердің барын, жүксалғышта не барын тексерді", - деді ер адам.

Ол өзіне дейін қалаға кіріп кеткен танысының мұндай жағдайды көрмегенін айтады. "Біз демалуға шыққанбыз, бес көлік болып жүрдік. Екі көлік күндіз кетіп қалды, олар қалыпты жағдайда өтіп кетті, кезек болған жоқ. Біз келген кезде бір жарым сағаттан аса уақыт өткенде бірақ жеттік", - деді ол.

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды. 

ІІМ мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алды. "Қазіргі уақытта бірнеше қылмыскер блокқа түсірілді, бірнешеуі жасырынып үлгерді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети