18 маусым 2015 14:59

Астананың су сорғы кәріз жүйесін жетілдіру керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com кадры ©Youtube.com кадры

Қазақстан Президенті жаңбырдан кейін қалаларда пайда болатын ірі шалшықтар проблемасымен танысты. Ол Астананың кәріз жүйесінің жетілдірілуі қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті жаңбырдан кейін қалаларда пайда болатын ірі шалшықтар проблемасымен танысты. Ол Астананың кәріз жүйесінің жетілдірілуі қажеттігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Таяудағы мол жауын су сорғы кәріздеріне қатысты түйткілдердің бар екенін көрсетті. Онымен де жұмыс жүргізу қажет", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев "Астанабасжоспар" ҒЗЖИ" ЖШС-на сапары барысында.

"Сонымен қатар, балабақшалар мен мектептер салу мәселесіне де назар аудару керек. Қаланың әрі қарай даму келешегі ЭКСПО-2017 аумағы мен оның айналасындағы көшелер құрылысын, Сулы-жасыл желекті бульварды абаттандыру, жаңа саябақтар, соның ішінде 100 гектар аумақта Ботаникалық бақ салу жоспарын қамтиды. Бұл жұмыстардың барлығы еліміздің тура орталығында мүлде жаңа мегаполистің қалыптасуына негіз қалайды, ол барша қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысына Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас жоспарына енгізілген түзетулер мен астаналық агломерация қалыптастыру жобасы жөнінде, сондай-ақ елорданың жаңа көлік жүйесін құру барысы баяндалды.

Айта кетейік, таяуда жауған нөсер жаңбыр Астана үшін үлкен проблемаға айналды. Қаланың кейбір аудандарында ірі шалшықтар пайда болып, адамның жүруіне кедергі келтірді және көлік жолдарында автомобильдер су астында қалды. Осыған дейін Астанадағы кәріз жүйесі мәселесінің 2030 жылы шешілетіні хабарланды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети