18 шілде 2014 11:32

Астананың төрт соты бір жерде отырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

tengrinews.kz иллюстрациясы tengrinews.kz иллюстрациясы

Бүгін Астанада жаңадан салынған Әділ сот үйі ғимаратының таныстырылымы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін Астанада жаңадан салынған Әділ сот үйі ғимаратының таныстырылымы болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа ғимаратта елорданың төрт соты орналасады. Атап айтқанда, Астана қалалық соты, мамандырылған ауданаралық экономикалық соты, Есіл аудандық соты және осы ауданның №2 соты. Қаланың жаңа әкімшілік ауданында орналасқан Әділ сот үйінде 50 зал бар. Бұл барлық сотттарды қосқанда, екі есе артық. Осының арқасында сот отырыстарын кешіктірмей өткізуге мүмкіндік бар. 

"Бұрын бір залға орташа есеппен 15-20 іс келетін. Ол кезде сот отырыстары кешкі сағат 21:00-ге дейін созылып тұрды. Ал жаңа ғимараттың бір залында 2-3 істен қаралады. Оның барлығы жұмыс кестесіне сай. Соның нәтижесінде халық тарапынан түсетін арыз-шығамдардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда, 36 пайызға азайды", - делінген Жоғарғы соттың ресми хабарламасында. 

Әділ сот үйінде қажетті техниканың бәрі бар. Залдарда аудио- және бейнежазу құрылғылары орнатылып, бейнебайланыс арқылы тілдесуге де болады. Сондай-ақ адвокаттар мен прокурорларға арналған кабинеттер ашылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети