31 шілде 2014 20:54

Астананың тұрғын үй басқармасы саяжайлы ауыл туралы мәліметті нақтылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана маңы. ©Даниал Оқасов Астана маңы. ©Даниал Оқасов

Астананың тұрғын үй басқармасындағылар Қояды ауданындағы саяжайлы ауыл туралы мәліметті нақтылады. Мемлекеттік органдағылардың атап өткеніндей, бұл арада қандай да бір жаңа ауыл туралы сөз боп отырған жоқ, тұрғындарға баяғыдан бар аумақтан жер телімін алуға ұсыныс білдіріліп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астананың тұрғын үй басқармасындағылар Қояды ауданындағы саяжайлы ауыл туралы мәліметті нақтылады. Мемлекеттік органдағылардың атап өткеніндей, бұл арада қандай да бір жаңа ауыл туралы сөз боп отырған жоқ, тұрғындарға баяғыдан бар аумақтан жер телімін алуға ұсыныс білдіріліп отыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еске сала кетелік, Астананы көркейтудің бас жоспарына сәйкес, қала территориясында бау-бақша шаруашылығын дамыту немесе саяжай құрылысын салу қарастырылмаған және бар деген барлық бау-бақшалы үй-жайлар тәркіленуге жатады. Ол арада болашақта түрлі әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық нысандар салынбақшы. Сондықтан бұл арада мынандай орынды сауал туындайды: саяжай телімін қалайтын, бау-бақша өсіргісі келетіндер, қаладан бір сәтке демалғысы келетіндер не істеуі керек? Біз бұл сауалға астаналық тұрғын үй басқармасынан мынандай негізде жауап алдық:

"Жаңа құрылыс нысандары түсетін саяжайларды итеріп тастау кезінде олардың иелері өтемақы алады. Осы кезеңде оларға Қоянды ауылының маңындағы саяжайлардан жер телімін алуға мүмкіндік беріледі. Ал бұл арадағы саяжайлар таяу арада мемлекет қажеттілігі үшін тәркілеуге жатпайды". Осылайша мекемедегілер саяжайшыларға жаңа ауыл белгіленеді деп алдында таратқан өз ақпараттарын жоққа шығарып отыр.

Алдында Астана кезінде республика бойынша бау-бақша шаруашылығы телімдері санымен бірінші орын алғандығы айтылған. Биыл 741 саяжай телімі тәркіленуге жатқызылған, бүгінгі таңда мемлекеттің қажеттілігі үшін 384 жер телімі алынып қойылған. Астана территориясында 2014 жылдың 16 сәуіріндегі мәлімет бойынша, шамамен 17 мың бау-бақша телімдері бар.

Жер телімдерін мемлекеттің қажеттілігі үшін алып қою - Астана үшін өте өзекті әрі шетін мәселе. Ұсынылған өтемақы көлеміне көңілі толмаған тұрғындар түрлі шерулер өткізуде.

Бүгінгі таңда мемлекеттің қажеттілігі үшін алынып қойылып жатқан бау-бақша телімінің келісілген орташа құны 4-тен 5 миллион теңгеге дейінгі көлемді құрайды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети