06 сәуір 2019 15:37

Астарда, құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі © МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысында құдайыларда, астарда сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы туралы уағыздар айту туралы бастама көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қызылорда облысында құдайыларда, астарда сыбайлас жемқорлықтың зияндылығы туралы уағыздар айту туралы бастама көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы аймақтағы түрлі діни ұйымдардың өкілдері қатысқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік" атты дөңгелек үстелде айтылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық ішкі саясат басқармасы және Дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырған шараның мақсаты - діни бірлестіктердің әлеуетін пайдалана отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске азаматтарды, оның ішінде жамағатты, діни қауым мүшелерін (прихожане) тарту.

"Бүкіл әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жетекші құрал бола алатын діннің қоғамдық процесстерге ықпалы жыл сайын артып келеді. Дін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениетті қалыптастыруда үлкен әлеуетке ие. Сондықтан Департамент тарапынан халық көп жиналатын орындарда, құдайыларда, астарда мен өзге де діни іс-шараларда жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды", - дейді департамент басшысының орынбасары Берікбол Байхожаев.

Жиында сөйлеген Дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Б.Камалов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Б.Абуов және Православтық шіркеу жетекшісі В.Иваншинин кісінің ақысын жеу, аманатқа қиянат жасау, пара беру мен пара алу, тіпті пара беруге үгіттеу де күнә екендігін айтты.

"Түпкілікті мақсатымыз бен міндетіміз - халықты имандылыққа, адалдыққа, адамгершілікке шақыру болғандықтан, халық арасында рухани адамгершілік пен адалдық құндылықтарын кеңінен насихаттауда бірлесіп жұмыс жасауды бірауыздан қолдаймыз", - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Абуов.

Елімізде соңғы жылдары дінге бет бұрғандардың қатары артқан. Оның ішінде дін талаптарын ұстанатын жастар саны өскен. WIN/Gallup халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, елімізде өзін діни адаммын деп есептейтін азаматтардың үлесі 64 пайыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети