09 ақпан 2016 16:51

Асылхан Төлепов пен Бигелді Ғабдуллин Алматы мәслихаты депутаттығына кандидат атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы мәслихаты депутаттығына "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалынан ұсынылған кандидаттар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы мәслихаты депутаттығына "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалынан ұсынылған кандидаттар тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, тізімге кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, тілшілер, спортшылар, мұғалімдер, дәрігерлер, сонымен қатар мәдениет қайраткерлері кірді. Алматыдағы Наурызбай аудандық №15 сайлау округінен тізімге "Жаужүрек мың бала" фильмінде ойнаған жас актер Асылхан Төлепов те енді.

Сонымен қатар, депутат лауазымына Central Asia Monito басылымының бас редакторы Бигелді Ғабдуллин, "Атамекен" ҰКП төрағасының кеңесшісі Артур Котенев, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының жүлдегері Ислам Байрамұқов, "Банк ЦентрКредит" АҚ басқармасының төрағасы Владислав Ли, меценат Ерлан Стамбеков, "Шымбұлақтың" бас директоры Ержан Еркімбаев, Қазақстан байкерлері ассоциациясының президенті Дмитрий Петрухин үміткер болды.

Еске сала кетейік, Парламенттің төменгі палатасының кезектен тыс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтеді. Осы күні мәслихат сайлауы да өткізіледі деп жоспарланып отыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети