21 қараша 2014 14:44

Асылжан Мамытбеков: Нанның 300 теңге тұруы мүмкін емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылжан Мамытбеков. ©mgov.kz Асылжан Мамытбеков. ©mgov.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәжіліс депутатының нан бағасы туралы айтқанына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін депутат Айқын Қоңыровтың "егер нан 300 теңге тұратын болса, қазақстандықтар оны лақтырмас еді" дегені хабарланған еді. 


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Мәжіліс депутатының нан бағасы туралы айтқанына түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін депутат Айқын Қоңыровтың "егер нан 300 теңге тұратын болса, қазақстандықтар оны лақтырмас еді" дегені хабарланған еді. 

"300 теңге - бұл, әрине, көп. Бірақ тұтас алғанда, ол дұрыс айтады, нанды кедейлерге де, байларға да мемлекеттік бюджет есебінен бірдей арзандату дұрыс емес. Нанға оның шығындарының құнын ескере отырып, нарықтық баға белгілеген дұрыс болады, ал халықтың тиісті бөлігіне ақшалай жәрдемақы төленуі керек. Егер астықты арзандатпасақ, нан бағасы 70-80 теңгеден қымбат болмайды", - деді министр Tengrinews.kz тілшісіне. 

Мамытбековтің мәліметінше, нанның өзіндік құнының 50 пайызы ғана ұн құнына байланысты белгіленеді. "Қалған 50 пайыз - ол қуат, шығындар, қоспалар, жабдықтардың өтемпұлы, салық және басқа да шығыстар. Ұнның өзінің өзіндік құны 70 пайызды алады. Нан бағасында астықтың құны ғана арзандатылады. Сондықтан нан 300 теңге тұра алмайды, тіпті, 100 теңге де емес. Бір бөлке нанның бағасы бұл жағдайда 60-70 теңгеден аспайды", - деді министр.

Асылжан Мамытбеков қандай жағдай болғанда да қазір Үкіметтің әзірше астықты арзандату бағытын ұстанатынын айтты. "Нан бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандум бекіту туралы шешім қабылданды", - деді ол. 

Еске сала кетейік, 20 қараша күні Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров әлеуметтік нанға карточка енгізуді ұсынған еді. Ол Facebook-те "Егер әлеуметтік нан (кірпіш) бағасы 300 теңгеге дейін болса, қазақстандықтар оны қоқысқа тастайтын бола ма?" деген сауал қойды. Кейін Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында ол әлеуметтік нанды халықтың басқа топтары тұтынып отырғанын айтты. Айта кетейік, мұның алдында Асылжан Мамытбеков нан бағасының 2015 жылдың қыркүйегіне дейін көтерілмейтінін мәлімдеді. Соған байланысты мемлекеттік субсидиялар бөлінетін болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети