20 қараша 2017 14:56

Атамбаев кетерінде қатты айтқан сөздері үшін кешірім сұрады: "Жүйкеміз темірден емес"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қырғызстанның президенттігінен кетуге дайындалып жатқан Алмазбек Атамбаев өзінің қорытынды баспасөз мәслихаты кезінде ренжітіп алғандардың барлығынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.  


Қырғызстанның президенттігінен кетуге дайындалып жатқан Алмазбек Атамбаев өзінің қорытынды баспасөз мәслихаты кезінде ренжітіп алғандардың барлығынан кешірім сұрады, - деп хабарлайды РИА Новости.  

Ол елдің келесі басшысы ұстамдырақ болады деп үміт білдірді. 

"Құрметті журналистер, егер қатты кетіп жатсам, сіздермен ғана емес. Кейде қатты айтып жіберетінім бар. Егер де біреудің көңіліне тиген болсам, менікі дұрыс болса да, бәрібір кешірім етулеріңізді сұраймын", - дейді Атамбаев. 

"Менің ойымша, біздің келесі президенттеріміз ұстамдырақ болады деген үміттемін. Соңғы алты жыл тым ауыр болды, жүйкеміз де темірден емес", - деп атап өтті ол. 

Бүгін, 2017 жылдың 20 қарашасында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді. "Нұрсұлтан Әбішұлы Мемлекет басшысы ретінде Қырғызстан халқын үнемі қолдап, көмектесіп келеді. Қырғызстан халқының да Қазақстан басшысына алғыс білдіретінін білемін. Сондықтан да Атамбаевтың осы айтып жатқаны "бос сөз", популистік және жауапсыз мәлімдемелері біздің халықтардың бауырластық қарым-қатынасына ешқашан да еш залалын тигізе алмайды, - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ, ол Атамбаевтың Қырғызстан президенті болған кездегі жұмысына қатысты ойын айтты.

"Атамбаевтың өзі жайлы айтатын болсақ, оның осы президенттік жылдар бойы не экономикада, не саясатта бірде-бірде нәтиже көрсетпегенін барлығы да біледі. Ал қызметінен кетер кезде тіпті саяси және ішкі мәдениеттің жоқтығын көрсетті", - деді Нұрлан Нығматулин. 

Мұның алдында Атамбаев өзінің соңғы іссапарында Қазақстанмен қарым-қатынасын айтып, Путинге шағымданған болатын. "Өздеріңіз білетін боларсыздар, жақында мен Ресей президенті Владимир Владимирович Путинмен кездестім. Оған ашық түрде "сіздерге Еуразиялық экономикалық одақ керек болса, оны бұзып жатқандардың ісіне араласпай осылай отыра беруге болмайды" деп айттым", - деді Қырғызстан президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты реттеу туралы сұрақтарға жауап бере отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети