Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Атбасарда су басып қалған үйлердің орнына жаңасы салынуда

12 Мамыр 2014, 17:25
0
Фотоны Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Фотоны Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Фотоны Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Фотоны Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Фотоны Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды
Фотоны Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үй салынып жатыр, - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

"Дәл қазіргі уақытта сарапшы ұйымдар су басып қалған әр үйдің жарамды-жарамсыздығын анықтап, техникалық қорытынды және сметалық есеп жасап жатыр. Негізінен, ұзындығы 18,3 және 3,1 шақырымды құрайтын көшенің жол желілерін кезекті және күрделі жөндеуден өткізуге қатысты сметалық есеп жасалуда. Сондай-ақ су жіберетін үш құрылымды қалыпқа келтіру үшін жоспар құрылды. 45 пәтерден тұратын тұрғын үйдің құрылысы да басталып кетті" - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Онда, бүгінгі таңда 379 тұрғынға материалдық, 107 азаматқа ақшалай көмек көрсетілгені де айтылған. Гуманитарлық қордан 529 атбасарлыққа азық-түлік бөлінген. Барлығы 141 адам болатын 41 отбасыға уақытша баспана берілген. Халықпен кездесуінде өңір басшысы Косман Айтмұхаметов аудан әкіміне зардап шеккендерді қоныстандыру бойынша жұмысты белсенді атқаруды тапсырды. Қазіргі уақытта бұл жұмыстар жалғасуда.

Жалпылай алғанда, атбасарлықтарға арнап 45 пәтерден тұратын төрт тұрғын үй салынатын болады. Медицина колледжінің бұрынғы жатақханасы күрделі жөндеуден өткізіліп, 29 бөлмесі зардап шеккендерге бөлініп берілмекші.

Еске сала кетелік, Ақмола облысының Атбасар қаласындағы үш жүз үйді қызыл су басып қалған. Апатты өңірде 9 сәуірде  ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко болып қайтты. Онда ол бірқатар жұмыс кеңестерін өткізді. Атбасарда қызыл су басып қалған үйлерден суды сорып алып, апатты-құтқару жұмыстарын өткізу үшін ҚР ТЖМ-нің қарамағындағы Қарағанды, Ақмола облыстарындағы, Көкшетау техникалық институтындағы және Астана қаласындағы әскери, құтқарушы, медициналық бөлімшелері іске кіріскен.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай