26 қыркүйек 2016 16:10

АТФ Банк "Шымкенттегі ең биік орналасқан" банкоматқа қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Шымкентте банкомат ыңғайсыз жерде орнатылған - ол адам бойы жетпейтін биіктікте салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте банкомат ыңғайсыз жерде орнатылған - ол адам бойы жетпейтін биіктікте салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банкоматтың АТФ Банкке тиесілі екені анықталды. Tengrinews.kz тілшісінің берген ресми сұранысының жауабында банктің баспасөз қызметіндегілер бұл банкоматқа барар баспалдақтың дұрыс салынбағанын айтады. "Бұл банкоматқа бару үшін баспалдақ болуы тиіс еді. Терминалмен қатар тағы бір баспалдақ блоктары тұр, ал банкоматқа барар баспалдақта су жиналғандықтан кешеннің иелері оны бұзып тастаған", - делінген ресми жауапта. 

Терминалға баратын жаңа баспалдақтың құрылысы басталған, он күн ішінде жаңа баспалдақ пайда болатын көрінеді. Банк өз тарапынан мұндай келеңсіздіктер үшін кешірім сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети