16 қаңтар 2018 15:57

Атырау әкімі халықты жол құрылысын бақылауда ұстауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі © Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

2018 жылы Атырауда 220 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


2018 жылы Атырауда 220 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 2016 жылы қала мен қала маңындағы ауылдардың көшелерінде 96 шақырым жол салынса, 2017 жылы жол құрылысы қарқын алды. Өткен жылдың 12 айында жалпы ұзындығы 267 шақырым 330 көше асфальтталды.

Сондай-ақ, 2018 жылы жасалатын жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманың дайындалып жатқаны айтылады. Жоспар бойынша қала мен маңындағы ауылдардың 207 көшесіне асфальт төселеді. Автокөлік жолының жалпы ұзындығы 220 шақырым.

Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов атыраулықтарды жол құрылысын бақылауда ұстауға қатысуларын шақырды.

Сондай-ақ, биыл қала мен селолық округтер аумағындағы 19800 текше метр жолға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отырғаны хабарланады.

"2018 жылы Атыраудағы 184 көшеге 178 шақырым жаяу жүргіншілер жолын салу үшін ЖСҚ жасауға 25 млн теңге бөлінді.  Автокөлік жолдары қасынан асфальттанған жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары қала мен тоғыз селолық округте басталады",- деді Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети