22 мамыр 2018 17:52

Атырау әкімдігі лифтте болған қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда болған қайғылы жағдайдан кейін арнайы комиссия қаладағы барлық лифтіні тексереді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Атырау әкімдігі мобилизациялық жұмыстар мен Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Талғар Хайруллин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хайруллинның айтуынша, комиссия құрылып, төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Айта кетейік, осы жағдайдан екі жасөспірім қаза болған еді. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза болған. Ал екінші жасөспірім, расталмаған мәліметтерге қарағанда, кейінірек облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Сонымен қатар, лифттерге қатысты тексеріс жүргізіледі. Бүгінде қаладағы 94 көпқабатты үйде 266 лифт орнатылған. Олардың 32-сі жұмыс істемейді, жетеуі - жүк тасымалдайтын лифт", - деді Талғар Хайруллин.

Оның айтуынша, қайғылы жағдай болған үйдегі лифт жүйесі 2012 жылы алып тасталып, есігі жабылған. 

"Тергеу мен арнайы комиссия өкілдері жасөспірімдердің шахтадағы қалай кіргенін анықтайды", - деп түсіндірді әкімдік өкілі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, төтенше жағдай болған үй 2007 жылы салынған. Ал 2010 жылы 16 қабатты үй жөндеуден өткен. Ондағы лифттер де жөндеуден өткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети