16 сәуір 2019 | 13:58

Атырау-Астрахан тасжолының құрылысы 2019 жылдың мамырында басталады

Сурет Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Атырау-Астрахан тасжолының құрылысы 2019 жылдың мамырында басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау-Астрахан тасжолының құрылысы 2019 жылдың мамырында басталады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі таңда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тікелей тексерген дайындық және мобилизация жұмыстары жүргізіп жатыр. Бүгінде 60 шақырым жерді қайта қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджеттен қаржыландырылып жатыр. 

Реклама
Реклама

"Қазір құрал-жабдықтарды дайындау, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл айда біз айналма жолдың құрылысын бастауымыз керек, - деді "Сине Мидас Строй" БК" компаниясының жоба жетекшісі Алтай Қамысбаев.

Жұмысқа алынған жұмысшылар саны - 106 адам. Олардың 56-сы Құрманғазы ауданынан. Қазіргі таңда жобаға 30-дан аса техника жұмылдырылған. 

"Жолды төсеу жұмыстарын мамыр айынан бастаймыз. Нысанның өзінде бетон өнімдері зауытын, топырақ араластыратын зауыт салуды жоспарлап отырмыз және болашақта қуаттылығы 2,5 мың тонна болатын асфальтбетон зауытын салу жоспарда бар", - деді Алтай Қамысбаев. 

Кестеге сәйкес, Атырау-Астрахан тасжолының 60 шақырымдық құрылысы 2 жылға жоспарланған. Ағымдағы жылы 23 шақырымын аяқтау жоспарланып отыр. Жұмыстың барлық кезеңі бойынша облыстың 150-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамту көзделіп отыр. 

Облыс әкімі құрылысшылардың тұрмыс жағдайымен танысты, зауыт құрылысы аймағына барып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

"Бұл жолдың құрылысы Елбасының Атырау облысына жасаған сапары кезінде жеке тапсырмасы арқылы қолдау тапты. Құрылыстың барлық бағыты жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болады. Жұмысшылар уақтылы жалақы алады, өмір сүру үшін барлық қажетті жағдайлармен қамтамасыз етіледі, құрылыс қауіпсіздік техникасына сәйкес болуы керек. Мәселелер мен үзілістер болмауы керек", - деді Нұрлан Ноғаев.

Қалған 217 шақырым жолды қалпына келтіру және дамыту Еуропалық банк есебіне жоспарланған. Қазіргі таңда мердігерді анықтау үшін байқау шаралары жүріп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная