1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Атырау облысы әкімінің орынбасары суретке қатысты түсінік берді08 мамыр 2015, 19:19

© Facebook © Facebook

Атырау облысы әкімінің орынбасары суретке қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды TengrinewsTV.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың айтуынша, суретті түсірген адам картинаны толық бермеген. Шын мәнінде ол ескерткіштің ашылу рәсімінде жаңбыр астында қолшатырсыз тұрған ардагерді көріп, көмекшісіне оны судан қалқалауды тапсырыпты.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін сурет үшін Интернетте жанжал туды. Суреттегі бас кейіпкер Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев болды, суретте оны көмекшісі қолшатырмен жауып, ал ҰОС ардагері су астында тұрды. Әлеуметтік желінің қолданушылары шенеуніктің мұндай қылығына наразы болып, суреттің астына ызалы пікірлерін қалдырды, оны екі сағаттың ішінде 5 мыңнан аса адам көріп үлгерген. Ал әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаны жаңсақтық деп атады.


Алматыда митинг өтті