14 қараша 2016 11:42

Атырау облысы тұрғындарына нодулярлы дерматиттен өлген малдарының өтемақысы төлене бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысы тұрғындарына нодулярлы дерматиттен өлген малдарының өтемақысы төлене бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысы тұрғындарына нодулярлы дерматиттен өлген малдарының өтемақысы төлене бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетелік, облыста дерттен 1119 мүйізді ірі қара өлген еді. Енді мал иелеріне 100 пайыз өтемақы төленеді. Бұл үшін республикалық бюджеттен 176 миллион 543 мың теңге бөлінді. Естеріңізге салайық, нодулярлы дерматит биыл айында Атырау облысындағы Исатай, Құрманғазы, Маxамбет аудандарында және Атырау қаласында анықталған еді.

"Карантин уақытында дизинфекциялық және ветеринариялық препараттар алуға 4,5 миллион теңге жұмсалды. Карантин жарияланған аймақтарда 5 бақылап өткізу пункті құрылды. Мамандардың айтуынша, дертке шалдыққан мал басы 6894 болған, оның 5750-і аурудан айықты, 1119 өліп, 25-і емделіп жатыр. Дерттің таралуы тоқтаған", - деп хабарлады облыс әкімдігіндегілер.

Айта кетейік, нодулярлы дерматит Қазақстанда алғаш тіркеліп отыр. Сондықтан, мұндай ауруға шалдыққан мал иелеріне өтемақы төлеу мәселесі қарастырылмаған еді. Шілде айында Құрманғазы ауданына барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі шешіліп жатқанын айтқан еді.

"Бұл дерт Африкада пайда болған. Бізге Ресейдің Астраxан облысынан келді. Бұл дерт ветеринариялық аурулар реестрінде тіркелмеген. Бірақ өтемақы төленетін аурулардың қатарына кіргізуге толық мүмкіндік бар", - деген еді Нұрлан Ноғаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети