12 сәуір 2019 09:30

Атырау облысына жаңа прокурор тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халидулла Дәуешов. © prokuror.gov.kz Халидулла Дәуешов. © prokuror.gov.kz

Халидулла Дәуешов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 


Халидулла Дәуешов Атырау облысының прокуроры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

Халидулла Дәуешов 1964 жылы 14 қарашада дүниеге келген. 1991 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы прокуратурада машықтанушы болып бастап, Атырау қаласының прокурорының көмекшісі, бөлім бастығы сияқты қызметтерді атқарды. 1994 жылдан Атырау облысы прокуратурасында жалпы қадағалау бөлімінің бастығы. 1999 жылдан бастап ҚР бас прокуратурасы басқармасының аға прокуроры, департаменттің аға прокуроры, одан кейін Орал қаласының прокуроры болып қызмет атқарды.

2003 жылдан Атырау облысы прокуратурасында бөлім бастығы. 2004 жылдан бастап Атырау облысының Жылыой, Мақат аудандарында прокурор. 2010 жылдың шілдесінен 2012 жылдың наурызына дейін Атырау қаласының прокуроры. 2012 жылдың наурызынан Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болды. 2013 жылдың қараша айында Батыс Қазақстан облысы Прокурорының орынбасары болып тағайындалған. Ал 2016 жылдың 10 маусымында Қызылорда облысы прокуроры болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети