16 тамыз 2017 12:31

Атырау облысында Жылой ауданының жаңа әкімі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алимұхаммед Құттымұратұлы Алимұхаммед Құттымұратұлы

Бүгін, 15 тамыз күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Максим Избасовтың еңбек сіңірген зейнетақы жасына шығуына байланысты аудандық мәслихат депутаттарына аудан әкімінің үміткерін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін, 15 тамыз күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Максим Избасовтың еңбек сіңірген зейнетақы жасына шығуына байланысты аудандық мәслихат депутаттарына аудан әкімінің үміткерін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлан Ноғаев Максим Избасовқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп келешек бастамаларына сәттілік тіледі.

Жаңа үміткер болып Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарған Алимұхаммед Құттымұратұлы тағайындалды. Депутаттар бірауыздан үміткерді қолдап, оны тәжірибелі және білікті басшы ретінде танылғанын атап өтті.

Аудан маслихатының сессиясы барысында, жаңа үміткер, Елбасының "Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды жүзеге асыру бойынша бес институционалдық реформалары" мақаласының қазіргі заманғы мемлекет аппаратын қалыптастыру принципы бойынша, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінің келісімімен тағайындалды.

Алимұхаммед Құттымұратұлы - экономика мен құқықтану саласындағы екі жоғарғы білімі бар. Еңбек жолын 12 жыл бұрын жеке секторда бастаған, кейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы лауазымына көшті, өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді. 2008-2012 жылдар аралығында жергілікті атқару органдар жүйесінде қызмет атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында Орал қаласының әкім орынбасары, Атырау облысы аппаратының басшысы, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2016 жылдың мамыр айында Махамбет ауданы әкімі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети