29 қаңтар 2019 10:44

Атырау облысында өлген бекіре балықтарының видеосы Желіде таралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында өлген бекіре балықтарының видеосы Желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды "Ак Жайык".


Атырау облысында өлген бекіре балықтарының видеосы Желіде таралып жатыр, - деп хабарлайды "Ак Жайык".

Жергілікті БАҚ мәліметінше, осы видео "Луговой ат зауыты" компаниясының Атыраудағы филиалында қала маңындағы Көк-арна ауылында түсірілген. Мекеме директорының айтуынша, осыған дейін өлген балықтарды Ұлттық сараптама орталығының лабораториясына және Қазақ тамақтану академиясына жіберілген.

"Барлығы да дұрыс деді, яғни қосалқы заттар жоқ. Құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтағанын күтіп отырмыз. Әзірше барлығы үнсіз. Барлық өлген балықты біз алып шықтық. Бүкіл балық өліп қалған. Бұл 36 тонна бекіре балығы. Қожайындары залал мөлшерін есептеп жатыр. Бүгін соңғысын алып шықтық. Қожайындары не істеу керектігін айтады", - деді филиал директоры Аманжан Шауданов. 

Оның айтуынша, "Луговой ат зауыты" иесі Жамбыл облысында орналасқа бас кеңседе отырады екен. 

"Қазіргі уақытта олардың өкілі бар. Таяуда Атырауға басшылығы да келеді. Бұл несиеге алынған қаражат еді. Егер залал өтелмейтін болса, онда бұл жердің болашағы жоқ. Менің жұмысым - өлген балықтарды шығарып, Жайықты уламау. Қожайындардың жалғы айтқаны, өлген балықтардың ісімен айналысып жатқан тергеушілерге байланысу қажет", - деді Шауданов. 

Айта кетейік, Атырау облысында балықтардың жаппай қырылуы осымен бірнеше рет анықталып отыр. 2018 жылы желтоқсанның басында өзенде өлген бірнеше балық түрі тонналап шығарылған еді. 

Жайықтан 63 тонна өлі балық шығарылды

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети