Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Атырау облысында су қоймалары тексеріле басталды

08 Маусым 2014, 16:11
0
Фото zakon.kz сайтынан
Фото zakon.kz сайтынан

Атырау облысындағы арналардың бірінде ұсақ балықтардың жаппай қырылуына байланысты табиғатты қорғау прокуратурасы аймақтағы барлық су қоймаларын тексеруге кірісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz inform.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өткен аптада Атырау қаласынан 60 шақырым қашықтықтағы Орал өзенінің суы ауылшаруашылығы алқаптарына келіп құятын арнасында ұсақ балықтардың жаппай қырылғандығы анықталған. Осыған байланысты тексеру жұмыстары қолға алынған болатын. Әзірше бұған гидротехникалық құрылғылардың істен шығуы себеп болған деген болжам жасалып отыр.

Атырау облыстық табиғатты қорғау прокуроры Қайрат Өтеулиев тексеру жұмыстары жайлы былай деді:

Бірінші кезекте Орал өзенінен судың ауылшаруашылығы игілігіндегі алқаптарға келіп құятын арналары тексеріледі. Олар жүздеген шақырымға созылып жатыр. Жұмыстың ауқымдылығына қарамастан, біз Орал өзенінің балығының басқа каналдарға түскен-түспегенін анықтауға тиіспіз. Өзеннен оқшауланған су қоймаларына да тексерулер жүргізіледі. Себебі ол жерлерде де күннің ысып кетуіне байланысты ұсақ балықтардың жаппай қырыла бастауы мүмкін. Балықтардың қырылу қаупі анықталған жерлерде оны аулау немесе құтқару жұмыстары ұйымдастырылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай