26 қаңтар 2016 14:17

Атырау облысында тамыры жоқ шыршаларды отырғызу түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube ролигіндегі видеосының скриншоты © YouTube ролигіндегі видеосының скриншоты

Атырау облысында шабылған шыршаны отырғызу туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желі қолданушылары табиғатты қорлау әрекетіне наразылық білдіріп, қаланы осындай әдіспен "көгалдандырғандарды" табуды талап етіп жатыр. Видео авторы Атырау облысының тұрғыны Бақтияр Өтешов. Видеода бірнеше ер адамның жерді ұңғып, оған тамыры жоқ шырша ағашын қадай салғаны көрсетілген.   

Осыған байланысты сайтымыздың тілшісі Атырау облысының әкімдігінен бұл іске қатысты түсінік беруін сұрап, хабарласты. Бұл мақсаттарға бюджеттен қаражаттың бөлінбегені анықталды. Билік өкілдерінің мәліметінше, шабылған шыршаны отырғызудың біртүрлі әдісін жергілікті кәсіпкер қолданған.

Бұл бастаманы Құлсары тұрғыны, кәсіпкер Бекім Жайсанбаев көтерген екен. Ол Жаңа жыл қарсаңында ағаш сатудан табыс тапқысы келгенін айтып берді. Ал сол шыршалардың соңғы партиясы өте кеш жеткізіліпті, сөйтіп, 50 шырша ағашы игерілмей қалып қойған. 

"Енді оларды лақтырмаймыз ғой?! Әкімдікпен ақылдастым, олар қолдау білдірді. Маған ешкім қаражат бөлген жоқ, жұмысшыларға өз қалтамнан төледім. Екі ай ішінде бұзылып кететін болса да лақтырып тастай алмаймыз ғой", - дейді кәсіпкер.

Шыршалар қаланың орталық көшесінде отырғызылған. Ал кейбір қолданушылар қаланың Атырау облысы әкімінің келуіне байланысты көріктендірілгенін айтады. Сөйтсек, Құлсарыда таяуда бірнеше тұрғын үй ашылыпты. Ал әкімдіктегілер бұл мәліметті жоққа шығарып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети