Атырау облысының әкімі колледжін балағаттаған студенттерге қатысты пікір білдірді

29 Маусым 2017, 13:59
0
Атырау облысының әкімі колледжін балағаттаған студенттерге қатысты пікір білдірді -

Атырауда колледжін балағаттаған студенттер баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Нұрсәуле Сайлауова Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, өздері оқыған білім ордасын балағаттап, видео түсірген оқушылар мен олардың ата-аналары бүгін Атырау уақыты бойынша 15:00-де баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отыр.

Жиын барысында облыс әкімі жастарды ұлтжанды, елін сүйетін патриот азамат қылып тәрбиелеудің маңызы зор екенін айтты. Кеңесте өзі оқыған білім ордасын балағаттап видео түсірген жастардың жайы сөз болды.

"Бұл факті бізде қандай мәселелер бар екенін көрсетіп отыр. Өкінішке қарай, өз араларында осыны мақтаныш қылып, осылай жүргендеріне, осылай сөйлегендеріне рахаттанып, соны жетістік ретінде қабылдап жүрген жастар да бар. Ең қиыны, ең сорақысы сол. Сондықтан, жиналыс барысында көтерілген мәселелерді, қойған тапсырмаларды орындағанда осындай келеңсіз жағдайлардың алдын аламыз. Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасында көрсетілген тапсырмалар, межелер, қоғамның тазаруына, жаңғыруына септігін тигізетін шаралар. Сондықтан, кеңеске қатысып отырған ардагерлерімізге, барлық азаматтарға бұның сіздердің, біздердің - баршамыздың ортақ ісіміз екенін естеріңізге саламын", - деді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Атыраудағы колледж түлектерінің видеосы жайлы хабарланған болатын. Видеоның соңында түлектер оқу орнының әкімшілігі мен педагогтеріне қатысты балағат сөздер айтып, олардың бірі тіпті ортаңғы саусағын көрсетеді. Ал кейін оқу орнының әкімшілігіне және педагогтеріне балағат сөздер айтқан Атыраудағы Каспий маңы заманауи колледжінің түлектері көпшіліктен кешірім сұраған.

Айта кетейік, бұл жиналыста Атырау қаласы мен аудан әкімдері және Жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілі баяндама жасап, бұл бағытта атқарылып жатқан істерді айтты.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы Лаура Меңдіғалиева жастарды жат діни ағымдардың әсерінен қорғау үшін олардың бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау бағытында жұмыс істеліп жатқанын айтып, бірқатар жобалардың нәтижесімен таныстырды. Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Дүйсешов жат ағымдардардан жапа шеккендерге қолдау көресету үшін құрылған “Дағдарыс орталығының” атқарған қызметі туралы баяндады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай