10 тамыз 2016 17:50

Атырау облысының әкімі шешім қабылдаудан қорқатын басшыларды сынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шешім қабылдаудан қорқатын басшыларды айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ол бүгін, 10 тамызда аудандарға жасаған сапарының қорытынды жиналысында айтты. 


Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев шешім қабылдаудан қорқатын басшыларды айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы ол бүгін, 10 тамызда аудандарға жасаған сапарының қорытынды жиналысында айтты. 

Сапар қорытындысы бойынша, облыс әкімі аудандарды дамыту жұмыс жоспарын жасақтап, оның аясында 223 іс-шараны бекітіп берді. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, аудандардағы инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелерді шешу жұмыстары дұрыс жолға қойылған. Әсіресе, ауылшаруашылық саласының дамуы қарқынмен жүріп жатыр. Облыстың бұрынғы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың арқасында облыста сиыр сүтін, ешкі сүтін өндіру зауыттары, көптеген егіс алқаптары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, аймақ басшысы осы жұмыстарды әрі қарай әр ауданның ерекшелігін ескере отырып жалғастыратынын айтты.

Сонымен қатар, Ноғаев ерекше тоқталған жағдай ауыз су мәселесі болды. Оның айтуынша, ауыл халқы әлі күнге дейін суды көлікпен тасып ішіп отыр. Ол аздай жаңадан салынғанына қарамастан су сақтайтын екі резервуардың біреуі тесіліп тұр. Аймақ басшысы бұған жауапты басшыларды жауапқа тартты. "Егер салынған нысан дұрыс жобаланбаған болса немесе құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізілмесе, оны қалай қабылдап алдыңыздар? Енді оған қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізейін деп отырсыздар ма? Бұл салғырттықтың белгісі. Мәселені тездетіп шешіңіздер. Нәтижесін маған жеткізіңіз", - деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы сонымен қатар аудандардағы мектептердің жағдайын сөз етті. Ол кейбір мектеп басшылары өз жұмыстарына жауапкерлішікпен қарамайтынына назар аударды. ''Әлеуметтік нысан басшылары өз обектілеріне ұқыптылықпен қарамайды. Мәселен Махамбет ауылындағы балабақша немесе Тайсойғандағы мектеп. Салынғанына 5-6 жыл ғана болса да, азып-тозып кеткен. Қай басшы болса да, жауапкершілік алып, жұмысты бар күшін салып істеуі керек'', - деді әкім. 

Облыс әкімі осылайша басшыларды шешім қабылдаудан қашпауға шақырды. ''Шешім қабылдамайтын болсаңыздар ол жерде неге отырсыздар? Олай болса, жұмыс істемейтін басшылардың орнына шешім қабылдаудан қорықпайтын адамды қою керек, - деді әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Ноғаев облыстағы 7 аудан мен 71 ауылдық округтің бәрін аралап шыққан еді. Сапар барысында ол аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, халықтың тұрмысын өз көзімен көріп шықты. Сапар қорытындысы бойынша көзделген 223 іс-шараның 187-і биыл, ал 26-ы 2017 жылы жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, отырысқа аудан әкімдері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети